Құпиялылық саясаты
Деректерді кім өңдейді
Деректерді Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы өңдейді, Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А. router.tilqazyna.kz платформасы — сол орталықтың сервисі.
Қандай деректер жинаймыз
Тіркелу кезінде: ұйым атауы, байланыс тұлғасының аты және көрсетсеңіз — пошта. API-мен жұмыс кезінде: сұрау уақыты, модель атауы, токен саны, жауап коды және 8 КБ дейін қиылған сұрау денесі. Бөлек — білім қорларына өзіңіз жүктеген файлдар және арна қосқан болсаңыз, Telegram-боттың токені; токен шифрланған күйде сақталады.
Олар не үшін қажет
Квотаны есептеу және шығынды сізге көрсету. Ақаулықты талдау: сұрау денесінсіз бас тартуды қайталау мүмкін емес. Өтініштеріңізге жауап беру. Бұл деректер басқа ештеңеге пайдаланылмайды — платформада жарнама жоқ.
Қайда және қанша сақтаймыз
Қазақстандағы өз серверлеріміздегі Postgres дерекқорында. Модельдер де өз бейнекарталарымызда жұмыс істейді: сұрау мәтіні сыртқы ЖИ жеткізушілеріне кетпейді. Сұраулар журналын ұйым платформаны пайдаланып тұрғанда сақтаймыз; файлдарды — өзіңіз жойғанға дейін.
Кімге береміз
Ешкімге. Деректер үшінші тұлғаларға берілмейді, сатылмайды және бөгде модельдерді оқытуға пайдаланылмайды.
Пайдаланушы құқықтары
Ұйымыңыз туралы бізде қандай деректер бар екенін білуге, оларды түзетуге, файлдар мен сұраулар тарихын жоюға немесе ұйымды толық жабуға құқығыңыз бар. Тіркеу кезінде көрсеткен мекенжайдан info@tilqazyna.kz-ке жазыңыз.
Бізбен қалай байланысуға болады
info@tilqazyna.kz — деректерге қатысты кез келген сұрақ бойынша. Пошталық мекенжай: Астана қаласы, Сауран көшесі, 7А.